Бас әскери прокуратурада Әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары талқыланды

29 December 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада Әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары талқыланды - 998194618

26 желтоқсан 2018 жыл, Астана қаласы. Бас әскери прокуратурасында Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, онда Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда 2016-2018 жылдар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындылары қаралды.

Отырыс жұмысында Үйлестіру және Консультативтік кеңестердің мүшелері, Бас әскери прокуратураның, әскери ведомстволардың басшылары мен лауазымды тұлғалары, бейнеконференц арқылы – аймақтық пен гарнизондық әскери прокурорлар, әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығы қатысты.

Елбасының «құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша әскери ведомстволармен бірге үлкен жұмыс атқарылып жатқаны аталып өткен.

Бағдарламаның іске асырылуы, басқа да қабылданылып отырған шаралармен қатар, әскердегі қылмыстылықты қысқартуға және әскери тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен, соңғы үш жылда қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 485-тен 425-ке дейін, оның ішінде әскерилері 233-тен 170-ке дейін, жемқорлық бойынша 75-тен 64-ке дейін төмендеді.

Алайда, неғұрлым сезінерліктей нәтижелерге қол жеткізуге алдын алу жұмысындағы құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себеп-салдарды және оларды толығымен жоюға шаралар қабылдау бойынша тиісті емес түрдегі талдаумен байланысты жекелеген кемшіліктер кедергі жасайды.

Әскери ведомстволар өкілдерінің баяндамаларынан кейін Үйлестіру кеңесінің мүшелері әскери тәртіпті нығайтудағы проблемалық сұрақтарды және оларды шешу жолдарын талқылады.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар берілген және оның 2019 жылдың бірінші жыртыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілген.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Comments

Add new comment