Тараз гарнизонында Ведомствоаралық кеңес өткізілді

30 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тараз гарнизонында  Ведомствоаралық кеңес өткізілді - 1002250716

2019 жылғы 29 қаңтарда Бас әскери прокурордың төрағалығымен Тараз гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары басшыларының қатысуымен Ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңесте гарнизондағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйінің сұрақтары, 2018 жылдың қорытындылары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы бағдарламалық құжаттардың орындалу нәтижелері талқыланды.

Әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмыстың белгілі бір нәтижелері атап өтілді.

2018 жылда Тараз гарнизонында қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 31,4%-ға 35-тен 24-ке дейін, оның ішінде әскерилері 50%-ға 16-дан 8-ге дейін қысқарған.

Әскерде қару мен оқ-дәрілердің сақталуы, әскери нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы, азаматтарды әскери қызметке шақыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын іске асыру саласындағы кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.

Кеңес барысында гарнизондағы проблемалық сұрақтар талқыланып, жекелеген әскери басқару органдарының басшылары тыңдалды.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Бас әскери прокурор мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен әскердің жауынгерлік дайындығын, Мемлекеттік шекараны күзетуді, қаржылық тәртіпті, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін сақтауды камтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қылмыстық процестегі қылмыстық-процестік заңнаманың жаңа институттарын қолдануды ары қарай кеңейту және қылмыстық істерді электронды форматта тергеуге өту қажеттілігіне назар аударды.

Ведомствоаралық кеңестің нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

 

Бас әскери прокуратура

 

 

Comments

Add new comment