Бас әскери прокуратурада әскери қызметті өткеру сұрақтары қаралды

02 February 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада әскери қызметті  өткеру сұрақтары қаралды - 1604498091

Бас әскери прокурордың төрағалығымен Қарулы Күштерде әскери қызметті өткерудің жекелеген сұрақтары қаралған әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Үйлестіру және Консультативтік кеңестердің мүшелері, әскери ведомстволардың, Бас әскери прокуратураның басшылары мен лауазымды тұлғалары, бейнеконференцбайланысы арқылы – аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, әскери бөлімдер мен мекемелердің қолбасшылығы қатысты.

Әскерлерді жеке құраммен сапалы жабдықтаудың, әскери мамандардың арнайы дайындығының және әскери қызметшілердің профессионалдық деңгейінің жоғарылауының маңыздылығын атап өтті. Бұл әскерлерді кез келген әскери міндетті орындай алатын профессионалды қазақстандық әскерді қалыптастырудың кепілі болып табылады.

Сонымен қатар аталған саладағы прокурорлармен анықталған әскери қызметке қабылдану және оны өткеру барысында азаматтардың құқықтарының бұзылу сияқты кемшіліктерге де назар аударылды.

Әскери ведомстволар өкілдерінің сөз сөйлеуінен соң аталған саладағы проблемалық сұрақтар талқыланып және оларды шешу жолдары шығарылды.

 

 

Бас әскери прокуратура

Comments

Add new comment