Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48112
    Дата: 04.02.2019 00:11:48
    Аты-жөні: Турсынлва Гулжайна
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба палковник мырза? Менің білгім келгені əскери салада келісім шарт негінде 11 жыл қызмет атқарып жасының 45- ке толуына байланысты жұмыстан босап қалған адам əскери жабық гарнизонда тұрмаса, үйі жоқ пəтер жалдап тұрса 2018 жылғы баспана өтемақысы туралы заңға сəйкес ақшалай көмнк ала ала ма? Ондай мүмкіндік бар ма? Сізден өтініш сұрағыма жауап беріңізші.
    Жауап күні:
    6 ақпан, 2019 - 19:41
    Жауап:
    Г.А.Турсыноваға Құрметті Гулжайна Алишеровна! Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жолдаған тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіру жөніндегі сұрағыңыз қаралды. Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы төлеу тәртіптері Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген) және Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген) реттелгенін хабарлаймын. Сонымен бірге, сұрағыңызға толық көлемінде түсіндірме алу үшін, мүдделі тұлға әскери қызмет атқарған уәкілетті органға «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 6-бабының талаптарын сақтай отырып арыздануға болатынын хабарлаймын (істің мән-жайын толығырақ көрсетіп және қажет болған жағдайда құжаттардың көшірмелерін тіркеп). Бас әскери прокурор Д. Сартаев Орын: Д.Спатай тел: 30-17-37
  • Сұрақ №: 47875
    Дата: 10.01.2019 18:01:02
    Аты-жөні: Султанов Ербол
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба Дастан Шаймерденович.мен Султанов Ербол Лесханович ЖСН 880509302154 тел:87472773651 28наурыз 2018ж 35748əскери бөлімнен "əскери қызметкерлердің мёртебесі"туралы заңының 26бап 1тармағы 13тармақшасы бойынша жұмыстан шығарып жіберді.27акпанда менің жалақым толық төленіп жатпағанын білдім бөлім командирі п-к Аблувайтов Асхат Габбасович ж/е батальон штаб бастығы м-р Ерлан Үмбетовичк айтқанымда мені ж/е с-нт Аскаров Н.А екеумізді жұмыстан кет деді бұл жағдайды əскери полицияға арыздануға барғанымда маған арыз жаздырмады.себебі əскери полиция басшысы 35748ə/б командирімен сөйлесіп сен ештеңе істей алмайсың деді.сендерді бəрібір жұмыстан шығарады деді содан 26наурыз күні бөлімнің МУА юристі үйіме келіп 2 параққа жұмыста болмадым деп жазып бер деп жаздырып алып кетті.сол уакытка дейін менде ешқандай сөгіс болмаған өздері шешім шығарып бізді жұмыстан кетірді.кету парағында өздері толтырып менің орныма қол қойып жіберген.1наурыздан 28наурызға дейін мені жұмысқа жақындатпады енді прокуратурада учётқа қойып койыпты сонда шындық айтқаным үшін енді мемлекеттік жұмысқа алынбаймын ба.енді ол учёт кашан шешіледі.осы жағдайды шешіп берсеңіз.
    Жауап күні:
    14 қаңтар, 2019 - 17:41
    Жауап:
    Е.Л.Султановқа Құрметті Ербол Лесханович! Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жолдаған 35748 әскери бөлімнің басшылығымен Сізді әскери қызметтен заңсыз шығарғаны туралы сұрағыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 6-бабының 6-тармағының негізінде прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Осы Заңның 21-бабының 1-тармағында прокуратура органдары өтініштерді қандай жағдайларда қарайтыны белгіленген, ал Сіздің сұрағыңыз олардың қатарына кірмейді. Дегенмен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 12-бабының талабы бойынша лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға беріледі. Сондықтан, сұрағыңызға толық көлемінде түсіндірме алу үшін, әскери қызмет атқарған уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне) Заңның 6-бабының талаптарын сақтай отырып арыздануға құқығыңыз бар екенін хабарлаймын (істің мән-жайын толығырақ көрсетіп және қажет болған жағдайда айғақтайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеп). Сонымен бірге, Сіздің мемлекеттік органның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы екендігіңізді түсіндіремін (Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292-бабы). Бас әскери прокурор Д. Сартаев Орын: Д.Спатай тел: 30-17-37
  • Сұрақ №: 47873
    Дата: 10.01.2019 17:42:15
    Аты-жөні: Султанов Ербол
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба Дастан Шаймерденович.мен Султанов Ербол Лесханович ЖСН 880509302154 тел:87472773651 28наурыз 2018ж 35748əскери бөлімнен "əскери қызметкерлердің мёртебесі"туралы заңының 26бап 1тармағы 13тармақшасы бойынша жұмыстан шығарып жіберді.27акпанда менің жалақым толық төленіп жатпағанын білдім бөлім командирі п-к Аблувайтов Асхат Наббасович ж/е батальон штаб бастығы м-р Ерлан Үмбетовичк айтқанымда мені ж/е с-нт Аскаров Н.А екеумізді жұмыстан кет деді бұл жағдайды əскери полицияға арыздануға барғанымда маған арыз жаздырмады.себебі əскери полиция басшысы 35748ə/б командирімен сөйлесіп сен ештеңе істей алмайсың деді.сендерді бəрібір жұмыстан шығарады деді содан 26наурыз күні бөлімнің МУА юристі үйіме келіп 2 параққа жұмыста болмадым деп жазып бер деп жаздырып алып кетті.сол уакытка дейін менде ешқандай сөгіс болмаған өздері шешім шығарып бізді жұмыстан кетірді.кету парағында өздері толтырып менің орныма қол қойып жіберген.1наурыздан 28наурызға дейін мені жұмысқа жақындатпады енді прокуратурада учётқа қойып койыпты сонда шындық айтқаным үшін енді мемлекеттік жұмысқа алынбаймын ба.енді ол учёт кашан шешіледі.осы жағдайды шешіп берсеңіз.
    Жауап күні:
    14 қаңтар, 2019 - 17:41
    Жауап:
    Е.Л.Султановқа Құрметті Ербол Лесханович! Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жолдаған 35748 әскери бөлімнің басшылығымен Сізді әскери қызметтен заңсыз шығарғаны туралы сұрағыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 6-бабының 6-тармағының негізінде прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Осы Заңның 21-бабының 1-тармағында прокуратура органдары өтініштерді қандай жағдайларда қарайтыны белгіленген, ал Сіздің сұрағыңыз олардың қатарына кірмейді. Дегенмен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 12-бабының талабы бойынша лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға беріледі. Сондықтан, сұрағыңызға толық көлемінде түсіндірме алу үшін, әскери қызмет атқарған уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне) Заңның 6-бабының талаптарын сақтай отырып арыздануға құқығыңыз бар екенін хабарлаймын (істің мән-жайын толығырақ көрсетіп және қажет болған жағдайда айғақтайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеп). Сонымен бірге, Сіздің мемлекеттік органның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы екендігіңізді түсіндіремін (Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292-бабы). Бас әскери прокурор Д. Сартаев Орын: Д.Спатай тел: 30-17-37
  • Сұрақ №: 47480
    Дата: 01.12.2018 18:34:52
    Аты-жөні: Төлеп Абылайхан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! Мен Төлеп А.А Түркістан облысы, Мырзакент ауданындағы ҰҚК ШҚ 2037 əскери бөлімінде 20.11.2015-20.11.2018ж. аралығында келісім шарт қызметін атқардым. Сонымен 20.11.2018 ж. келісім шарт қызметім аяқталуына байланысты жумыстан шықтым. Сізге сұрағым маған расчётный немесе басқалай сауықтыру қаражаттары төленбеді. Заңға сəйкес маған қандай қаражаттар төлену тиіс...
    Жауап күні:
    12 желтоқсан, 2018 - 17:29
    Жауап:
    А.А.Төлепке Құрметті Абылайхан Абайұлы ! Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жолдаған әскери қызмет өткеру туралы заңнамалардың кейбір нормаларын түсіндіру жөніндегі сұрағыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 6-бабының 6-тармағының негізінде прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асырған кезде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Осы Заңның 21-бабының 1-тармағында прокуратура органдары өтініштерді қандай жағдайларда қарайтыны белгіленген, ал Сіздің сұрағыңыз олардың қатарына кірмейді. Сондықтан, сұрағыңызға толық көлемінде түсіндірме алу үшін, өзіңіз әскери қызмет атқарған уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне) Заңның 6-бабының талаптарын сақтай отырып арыздануға болатынын хабарлаймын (істің мән-жайын толығырақ көрсетіп және қажет болған жағдайда айғақтайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеп). Сонымен бірге, Сіздің мемлекеттік органның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқығыңыз бар екенін түсіндіремін (Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292-бабы). Бас әскери прокурор Д. Сартаев Орын: Д.Спатай тел: 30-17-37
  • Сұрақ №: 47165
    Дата: 31.10.2018 15:12:02
    Аты-жөні: Едигеева Жанар
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе прокурор мырза! Мен әскери саласында жұмыс істеймін, мен 2018 жылы 28 тамыз айында акимат арқылы мемлекеттік бағдалама арқылы ипотекаға 1 бөлмелі үй алдым, 20 жылға, енді Қарулы Күштерінен тұрғын үй төлем өтемақысын ары қарай маған төлене ма?
    Жауап күні:
    6 қараша, 2018 - 19:19
    Жауап:
    Ж.К.Едигееваға Құрметті Жанар Кусаиыновна! Сіздің Бас әскери прокурордың блогына жолдаған тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіру жөніндегі сұрағыңыз қаралды. Әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы төлеу тәртіптері Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген) және Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген) реттелгенін хабарлаймын. Сонымен бірге, сұрағыңызға толық көлемінде түсіндірме алу үшін, өзіңіз әскери қызмет атқаратын уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 6-бабының талаптарын сақтай отырып арыздануға болатынын хабарлаймын (істің мән-жайын толығырақ көрсетіп және қажет болған жағдайда құжаттардың көшірмелерін тіркеп). Бас әскери прокурор Д. Сартаев Орын: Д.Спатай тел: 30-17-37

Беттер