Әскери прокуратура органдарындағы дене шынықтыру дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

31.05.2012 ж. № 67

Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы

Әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің дене дайындығы деңгейін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 7 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 08.07.2011 жылғы № 661оа бұйрығымен бекітілген Прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелері қызметкерлерімен қызметтік және дене дайындығын ұйымдастыру ережелерінің (бұдан әрі - Ережелер)  31 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып,БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген әскери прокуратура органдарындағы  Дене дайындығы жөніндегі нормативтер (бұдан әрі - Нормативтер) бекітілсін.

2. Бас әскери прокурор әскери прокуратура органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – әскери қызметшілер) дене дайындығын ұйымдастыруды Ережелерге және Нормативтерге сәйкес қамтамасыз етсін.

3. Бас әскери прокуратураны, аймақ және гарнизон әскери прокуратураларын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінің басшылары әскери қызметшілердің дене дайындығы іс-шараларын жүргізуге қажетті жағдай жасасын және қаржыландыру көздерін қарастырсын.

4. Нормативтер 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгізілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

А. Дауылбаев