Ақмола гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесу өтті

13 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Ақмола гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесу өтті - 1290301425

2017 жылдың 8 қырқүйегінде Ақмола гарнизонының әскери прокуроры Данияр  Жұмаділов «Әскерде қылмысқа орын жоқ» атты бағдарламаны іске асыру аясында Қорғаныс министірлігінің 68665 әскери бөлімінде жеке құраммен кездесу өтті.

Кездесуде әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары заңбұзушылықтың алдын алу мен болдырмау бойынша, өткізіліп жатқан жұмыстары жайында және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы есеп берді.

Жиналыс соңында қосымша нақты кешенді алдын алу шаралары әзірленіп орындалуға қабылданды.

Кездесу соңында Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әскери жоғары оқу орындарын бітіріп әскери қызметін жалғастыруға келген 12 жас лейтенанттармен әңгімелесті.

Офицерлерге бағыныстағы әскери қызметшілерін «заңбұзушылыққа нольдік төзімділікке» тәрбилеуді үндеп, алдын алу жұмыстарында жаңа әдістерді белсенді қолдануға назарларын аударды.

Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы

 Ақмола гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесу өтті - 1193869906

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу