Алматы облысының қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының өлімі туралы

03 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алматы облысының қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының өлімі туралы - 2100643965

31 наурыз күні таңғы сағат 8-ге таман қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б. Беристемов атып өлтірілді.

Осы қылмыстың күдіктісі ретінде оның орынбасары подполковник А.С. Оспанов ұсталды.

Соттың санкциясымен ол қамаққа алынды.

Аталған қылмыс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) сараланды.

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу