Арыс қаласындағы артиллериялық қоймаларында болған жарылыстарының тергеу жайлы брифингі өткізілген

03 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Арыс қаласындағы артиллериялық қоймаларында болған жарылыстарының тергеу жайлы брифингі өткізілген - 361245978

 

 
 



ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

Бүгін Орталық комминикациялар қызметі алаңында Бас әскери прокуратурасымен Арыс қаласындағы 44859 әскери бөлімінің артиллериялық қоймаларында болған жарылыстарының себептерін тергеу жайлы брифингі өткізілген.

Брифингке Бас әскери прокурорының орынбасары Дархан Ержанов пен басқа да лауазымды тулғалар қатысқан.

Спикерлердің айтуынша, оқ-дәрілердің жарылыс оқиғалары бойынша Қылмыстық кодекстің 462 бабының 3 бөлімімен ару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан) сот алды тергелу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлер санынан құрылған жедел-тергеу тобына тапсырған.

Заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, жылдам ашу мен кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу әрекеттеріне әскери және жергілікті прокуратура қызметкерлері қатысып отыр.

Дархан Ержанов анықтап кеткендей, алғашқы сатысында басты назар адамдар өлімінің мән-жайын анықтауына, оқиға болған жерді қарап-тексеруіне, құжаттарды алу мен келтірілген залалды анықтауына аударылады.

Осы уақытқа дейін 100-ден аса адамдардан жауап алынған.

Соңында сөз сөйлегендер, қазіргі кезде оқиғаның барлық мүмкін болатын себептердің, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, лауазымды тұлғалардың салғырттығы мен тағы басқа нұсқаралары зерттеліп жатқанын баяндаған.

Тергеудің қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.

Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жеке бақылауында тұр.

 

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу