

2018 жылғы 27 қараша, Астана қаласы. Бас әскери прокуратурада әскерлердегі құқық бұзушылықтар профилактикасын жетілдіру сұрақтары қарастырылған дөңгелек үстел өтті.
Оның жұмысына әскери мекемелер, құқық қорғау органдары, Бас әскери прокуратура басшылары мен лауазымды тұлғалар, Консультативтік кеңес мүшелері қатысты.
Отырысты аша отырып, Бас әскери прокурор қатысушылардың назарын ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін әскери прокуратура органдары әскери ведомстволармен бірігіп, соңғы 10 жылдың ішінде құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенді жұмыс атқарып, нәтижесінде армиядағы қылмыстылықты екі есе (2008 жылы 980-нен 2017 жылы 468-ге дейін), оның ішінде әскериді (443-тен 203-ке дейін) қысқартуға мүмкіндік берді.
Қашқындық, бөлімді өз бетімен тастап кету және әскери мүлікті жоғалту сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтардан толығымен арылды.
Өзін өзі өлтіру екі есе азайып (44-тен 20-ға дейін), жарғылық емес өзара қатынас негізінде және мерзімді әскери қызметкерлер арасында оқшаулы түрде кездеседі.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әскери тәртіпті нығайту қызметінде проблемалық мәселелер бар.
Олардың ішінде, әскери ведомстволармен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңның талаптарын тиісті дәрежеде орындамау, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жаңа тәсілдердің болмауы.
Аталған сұрақтар бойынша талдау мен пікір алмасу өтті.
Бас әскери прокуратураның құқық бұзушылық профилактикасы барысында қабылданып жатқан шаралар сапалығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге және әскерлерде құқықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік беретін, осы саладағы жұмысын бағалау өлшемдерін әзірлеу қажеттілігі туралы ұсынысы қолдау тапты.
Шараның қорытындысы бойынша бірқатар тиісті ұсыныстар қабылданды.
Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу