Бас әскери прокуратурада қару мен оқ-дәрілердің сақталуы бойынша сұрақтар талқыланды

05 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада қару мен оқ-дәрілердің сақталуы бойынша сұрақтар талқыланды - 1078371170

Қылмыстық қудалау және әскери басқару органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында әскердегі қару мен оқ-дәрілердің айналымы саласындағы сұрақтар қаралды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру және Консультациялық кеңестерінің мүшелері, қылмыстық қудалау және әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары қатысты.

Отырысты аша келе, Үйлестіру кеңесінің Төрағасы, Бас әскери прокурор  қаралымдағы сұрақтың өзектілігін атап өтті, өйткені әскерлердің әскери дайындығы әскердегі қару мен оқ-дәрілердің сақталуына тікелей тәуелді.

Осы бағытта әскери ведомстволармен нақты жұмыс жүргізіледі, оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілерді тіркеу және сақтауға тиісті жағдайды қамтамасыз етудегі, ал жекелеген жағдайларда олардың жоғалуы мен заңсыз иемденуге акеліп соғатын мәселелер бар.

Аталған және басқа да сұрақтар кешенді шаралар қолдануды талап етеді.

Үйлестіруші кеңестің жұмысы барысында әскери ведомстволардың лаузымды тұлғалары қару мен оқ-дәріні тиісті түрде тіркеу және сақтау бойынша қабылданған шаралар жөнінде хабардар етті.

Қорытындылар  бойынша нақты ұсынымдар жасалды.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

 

Бас әскери прокуратурада қару мен оқ-дәрілердің сақталуы бойынша сұрақтар талқыланды - 753139793
Бас әскери прокуратурада қару мен оқ-дәрілердің сақталуы бойынша сұрақтар талқыланды - 1941166252

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу