Бас әскери прокуратурада Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу туралы істер бойынша мәселелер талқыланды

05 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу туралы істер бойынша мәселелер талқыланды - 1063200438

А. ж. 4 ақпанда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Бірлік Тәшімовтің төрағалығымен дөңгелек үстел отырысы өтті, ол жерде Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Әскери соттың, ҰҚК Әскери полиция департаментінің, Бас әскери прокуратураның өкілдері, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 445-бабымен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету ережелерін бұзу) көзделген қоғамдық қауіпті зардаптарды бір мағыналы емес түсіндіру мәселелері бойынша белсенді пікірталас орын алды. 

Атап айтқанда, қатысушылар қылмыстық заңнаманы жекелеген нормалардың ұғымдық аппаратын кеңейту және әрекетті ішінара қылмыстық сипаттан арылту бөлігінде жетілдіру қажеттігін талқылады.

Отырыс нәтижесінде бірыңғай сот-тергеу тәжірибесін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокуратурада Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу туралы істер бойынша мәселелер талқыланды - 942478309
Бас әскери прокуратурада Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу туралы істер бойынша мәселелер талқыланды - 726566228
Бас әскери прокуратурада Мемлекеттік шекараны күзету ережелерін бұзу туралы істер бойынша мәселелер талқыланды - 6814410

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу