Бас әскери прокуратураның 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды

05 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратураның 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды - 676552868

Бас әскери прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өткізілді, оның барысында өткен жылдың жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы мерзімге міндеттер қойылды.

Алқа отырысына Бас әскери прокуратураның жеке құрамы, аймақтар мен гарнизондардың әскери прокурорлары қатысты.

Ағымдағы жылы әскери прокурорлардың басым күші Елбасының құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталғаны атап өтілді.

Бағдарламалық құжаттың іске асырылуы әскердегі қылмыстылықтың 11%-ға (424-тен 377-ге дейін) қысқартылуына септігін тигізді.

Ауырлығы орташа қылмыстар үш есеге (171-ден 124-ке дейін), ал ауыр қылмыстар 8%-ға  (103-тен 94-ке дейін) төмендеді.

Әскери прокурорлармен қылмыстық істерге бастамашылық ету кезінде (8-ден 15-ке дейін) және жасырылған қылмыстарды анықтау бойынша (1-ден 3-ке дейін) оң нәтижеге қол жеткізілді.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында әскерде заңдылықтың сақталуын, Қарулы Күштердің дамуын және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жүргізілген тексеру нәтижесінде қару-жарақты сақтаудың барлық сатыларында жүйелік бұзушылықтар анықталды, Арыс қаласындағы қайғылы жағдайлар істің нақты жағдайын көрсетті.

Алқа отырысы барысында прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың басқа да мәселелері талқыланды, жекелеген әскери прокурорлар тыңдалып, Бас Прокурордың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленді.

 

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

 

Бас әскери прокуратураның 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды - 1247198304