Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды

18 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 468438120

Ағымдағы жылы шілденің 16-17 аралығында Бас әскери прокурор Дастан Сартаев Орталық аймағының әскери бөлімдер мен мекемелерінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында оның аймақтық прокуратураның, Қарағанды гарнизоны әскери полиция бөлімінің және Ұлттық ұланның 6605 әскери бөлімнің ұжымдарымен кездесуі өткен.

16 шілдеде Бас әскери прокурорының төрағалығымен Қарағанды гарнизонының Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналысы өткізілді.

Жиналыстағы талқылаудың негізгі тақырыбы – гарнизондағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, құқық бұзушылықтың алдын алудағы бағдарламалық құжаттарды орындаудың нәтижелері.

Атап айтқанда, әскери басқару мен қылмыстық қудалау орган басшыларының назары қылмыс динамикасы мен басқа да мақсатты көрсеткіштердің талдауын тұрақты түрде жүргізіп, нақты әскери бөлім және бөлімшелердегі жағдайды жақсарту мақсатында конструктивті  шаралар қабылдауға аударылды.

Бұдан басқа, отырыста Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерін қосымша әлеуметтік жеңілдіктерімен, оның ішінде қоғамдық көлікті тегін пайдаланумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер көтерілді.

Жұмыс нәтижелерінің негізінде армия ортада қылмыстылықты азайтуға, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтарын, әскери мүлікті сақтауды және мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені әзірленді.

Шілденің 17-де Бас әскери прокурор Спасск мекеніндегі оқу орталығының полигонында өткен «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ресми ашылуына қатысты.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 1047435046
Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 41989664
Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 2084342517
Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 1916836663
Бас әскери прокурор Орталық аймақта жұмыс сапармен болды - 90969803

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу