Бас әскери прокурордың жеке қабылдауы

02 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге 2018 жылдың 11 қазанында сағат 16.00-де Ақтау гарнизонының және Батыс аймағының әскери прокуратураларында видеоконференцбайланыс арқылы Бас әскери прокуроры Дастан Сартаевпен азаматтардың жеке қабылдауы жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Бас әскери прокурорға жолдануға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған әскери прокуратураларына барып алдын ала жазылуы қажет:

  1. Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы (Ақтау қаласы, 24-ші шағын аудан, Ақтау қаласы прокуратурасының ғимараты, 1-ші этаж, тел. 8-7292-605882, 8-7292-605883);

  2. Батыс аймағының әскери прокуратурасы (Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі 33а, тел. 8-7122-451383, 8-7122-451184).

 

 

Бас әскери прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу