Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды

12 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды - 514662266

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет кіші кеңесшісі Алмас Жолшыбайұлы Айдар тағайындалған.

А.Айдар 1982 жылы Алматы облысының Шілік ауданында туған. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы мен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін бітірген.

Прокуратура органдарында 2008 жылы Алматы облысының Талғар ауданы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін аға көмекшісі болған.

2012 жылы Алматы облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры лауазымына тағайындалған.

2015-2017 жылдарында Алматы облысының Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Осы тағайындалудығ алдында Алматы облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры болған.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

 

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу