Әскери прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

02 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрықтарымен әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар өтті.

Бас әскери прокурордың орынбасары лауазымына әділет полковнигі Дархан Ғалиханұлы Ержанов тағайындалды.

Д. Ержанов 1975 жылы Қостанай облысында туған. Құқықтану мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін Қостанай облыстық прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі лауазымдар атқарған.

2009 жылдан бері Қостанай гарнизонының әскери прокуроры болған.

Прокуратура органдарындағы қызметінің жалпы мерзімі 22 жылдан астам.

***

Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Нұрлан Амантайұлы Айтуғанов тағайындалды.

Н. Айтұғанов Шымкент қаласында 1981 жылы туған.

2002 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Орал гарнизоны әскери прокурорының көмекшісінен бастап, кейін Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасы мен Бас әскери прокуратурасында кезегімен лауазымдар атқарған.

Осы тағайындауға дейін ол Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болған.

Прокуратура органдарында жұмыс жасау мерзімі 12 жылдан астам.

 

Бас әскери прокуратура баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу