Әскери прокуратура органдарындағы тағайындаулар

17 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әскери прокуратура органдарындағы тағайындаулар - 82813531

Бас Прокурордың бұйрығымен әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет майоры Жәнібек Әсетұлы Бақаев тағайындалды.

Ж. Бақаев 1984 жылы Алматы қаласында туған. Алматы заң академиясын бітірген.

Прокуратура органдарындағы жұмысын 2007 жылы Алматы қаласының Алмалы ауданы прокурорының көмекшісінен бастады.

Әр уақытта Павлодар көлік прокурорының көмекшісі және Алматы қаласының Медеу ауданы прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2013 жылдан бастап Бас әскери прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау Басқармасының әскери прокуроры, аға әскери прокуроры және Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Соңғы лауазымы – Бас әскери прокурордың аға көмекшісі. Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан асады.

***

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Есжан Әріпұлы Сыбанбаев тағайындалды.

Е. Сыбанбаев 1977 жылы Алматы қаласында туған. 1995 жылы Д.А. Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан Қарулы Күштердің әскери полиция органдарында  қызмет атқарды.

Прокуратура органдарындағы еңбегін 2004 жылы Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымында бастаған.

Кейін Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары және Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымдарында қызмет етті.

2017 жылдан бастап Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры лауазымында болды. Прокуратура органдарындағы өтілі 14 жылдан асады.

***

Приозерск гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Айдар Қуанышбекұлы Сламбеков тағайындалды.

А. Сламбеков 1977 жылы Талдықорған облысының Киров ауданында туған. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған Мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетін бітірген.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылдан бастады, Бас әскери прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау Басқармасының әскери прокуроры, аға әскери прокуроры және бөлім бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Осы тағайындауға дейін Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры лауазымын атқарды. Прокуратура органдарындағы өтілі 13 жылдан асады.

***

Қостанай гарнизонының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Арман Тұрғанбайұлы Ерназаров тағайындалды.

А. Ерназаров 1979 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылдан Қарулы Күштердің әскери полиция органдарында  анықтаушы қызметін атқарды.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2008 жылы Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

Кейін Бас әскери прокуратураның әскери органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау Басқармасының әскери прокуроры, аға әскери прокуроры, Сарыағаш және Қапшағай гарнизондары әскери прокурорларының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2018 жылдан Приозерск гарнизонының әскери прокуроры. Прокуратура органдарындағы өтілі 10 жылдан асады.

 

Бас әскери прокуратура

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу