Консультативтік кеңес құру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

30.10.2018-жылы №25 БӘП-ң бұйрығы  

 

Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру туралы

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатын жүргізуге көмек көрсету, әскери прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен, әскери қауымдастықпен және тұрғындармен өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39 бабының 2 тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.       Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрылсын.

2.       Қоса тіркелген:

1)       Консультативтік кеңес туралы ережесі (№1 тіркеме);

2)       Консультативтік кеңестің құрамы бекітілсін (№2 тіркеме).

3.       Бас әскери прокурордың 2016 жылдың 20 сәуіріндегі №14 «Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4.       Аталған бұйрықты Бас әскери прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларына, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорларға орындау және жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жіберілсін.

5.       Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурордың Аппаратына жүктелсін.

6.       Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Бас әскери прокурор 

әділет генерал-лейтенанты

Е.С. Мерзадинов