Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады

09 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады - 1934480456

Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен қылмыстық қудалау органдардың электронды қылмыстық іске көшу жөнінде кеңейтілген жедел жиналысы өткізілген.

Жиналысқа әскери құқық қорғау, құқықтық статистика органдарының, Бас әскери прокуратураның, аймақтық және гарнизондық әскери прокуратураларының қызметкерлері қатысқан.

Отырыс барысында әскери қылмыстық қудалау органадары мен прокурорлары тергеудің жаңа форматына ауысу дайындығымен байланысты сұрақтар талқыланған.

Оның ішінде, материалды-техникалық қамтамасыз ету және қызметкерлерді модульдермен жұмыс істеу тәсілдеріне үйрету проблемалары талданған.

Әскери тергеу бөлімшелерінде пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында қысқа мерзім ішінде Астана қаласының құқық қорғау органдарының тәжірибесін зерттеу бойынша мекеме аралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған.

 

Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады - 760424219
Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады - 41792198
Бас әскери прокуратура «Е-қылмыстық іс» жобасын жүзеге асыруды бастады - 1734200490

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу