Бас әскери прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді

04 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді - 274114762

Бас әскери прокуратурада әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, 2019 жылы «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламасын іске асырудың қорытындылары талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру және Консультативтік кеңестерінің мүшелері, әскери ведомстволар мен қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары  қатысты.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту бойынша жұмыстың жай-күйі және орын алып отырған проблемалар туралы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның өкілдері баяндады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері әскери тәртіпті нығайтудағы проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. 

Отырыста әрбір әскери бөлімде жеке құраммен тәрбие жұмысын күшейтуге ерекше көңіл бөлінді. 

Офицерлік қылмыс пен бюджеттік қаражатты жымқырумен байланысты қылмыстарды ескерту мәселесіне назар аударылды.

Қылмыстардың алдын алу мен оларды ашудағы бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауының жағымды рөлі және осындай жүйелермен барлық әскери бөлімдер мен құралымдарды жарақтандыру қажеттілігі атап өтілді.

Қорытындылай келе, Бас әскери прокурор «Әскерде қылмыстылыққа орын жоқ» Бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу қажеттілігіне назар аудара отырып, әскери ведомстволарға құжаттың орындалуына ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындылары бойынша сәйкесінше шешім қабылданды.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі