Бас әскери прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1164461344

Бас әскери прокуратурада әскерлердегі заңдылық жағдайы мен әскери қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы сұрақтары бойынша әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оның жұмысына Үйлестіру кеңесі мүшелері, әскери прокуратура, әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары, және де Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңесінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов қатысты

Отырыс барысында Кеңеспен әскери ортада заңдылықты бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу туралы ұсыныстар әзірленді.

Мысалы, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға құқық бұзушылық профилактикасы мен оның қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық комиссияны құру қажеттілігі, әскери бөлімдерді бейнебайқау жүйелерімен жабдықтауды жалғастыру, суицидология саласында зерттеу және әскери қызметкерлер арасында өзін-өзі өлтірудің алдын алу бағдарламасын әзірлеу мақсатында қажетті мамандарды қатыстыру туралы нұсқау берілді.

Сонымен қатар, тез арада шешуді талап ететін басқа да сұрақтар анықталды.

Әскери-құқық қорғау органадарына қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен шарттарын тұрақты түрде талдап, олардың алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды.

Соңында Бас әскери прокурор Дастан Сартаев осы Үйлестіру кеңесі шеңберінде қабылданған шешімдердің маңыздылығын және олардың Мемлекет басшысының әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінің атына жолданылатын Бас Прокурордың хаттарында көрініс табатынын атап өтті.

 

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу