Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

18 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 451478565

Бас әскери прокуратурасында әскерлерде есептеу рәсімін автоматтандыру мен цифрландыру, және де армиядағы офицерлік қылмыстылық жайлы сұрақтарын қарастырған әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оның жұмысына Үйлестіру мен Консультативті кеңестерінің мүшелері, әскери мекемелер мен басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары қатысты.

Шараға қатысушылар Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында Қарулы Күштерде сандық процесстер мен технологияларды енгізуіне және өзектілігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қарулы Күштерде озық сандық технологияларды қолданудың маңыздылығын, автоматтандыру дәрежесін арттыруын, оған бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдалануын және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін атап өтті.

Талқылаудың қорытындысы бойынша қатысушылар әскерлерді басқару жүйесін толық автоматтандыру үшін сапалы талдау, жауапты лауазымды тұлғаларды анықталған және жүзеге асырудың нақты мерзімдерін көрсетілген Қарулы Күштерде осы жобаны жалғастырып енгізудің жоспары, шағын жүйелер функционалын интеграциялау бойынша жұмыс тобын құру және мамандарды, оның ішінде Ұлттық қорғаныс университеттің негізінде, оқыту мен дайындау қажеттілігі жайлы пікірлерін білдірді.

Күн тәртібінің екінші сұрағын қарастыру барысында әскери мекемелер басшылардың назарларын әскерлерде офицерлік қылмыстылықты азайту, болашақ офицерлерді дайындау және тәрбиелеу дәрежесін көтеру бойынша тиімді шараларын қабылдаудың қажеттілігіне аудартты.

Үйлестіру кеңесінің нәтижесі бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленген.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1531416818
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1749754077

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу