Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

25 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1317803899

Бас әскери прокуратурасында әскери мүліктің сақтылығы мен үлес нормаларын жеткізу сұрақтары қарастырылған әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, әскери прокуратура, әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары қатысқан.

Отырыс барысында әскери басқару органдарына әскери мүліктің сақтылығы мен үлес нормаларын жеткізуді қамсыздандыру бойынша жұмыстарын тиісті ұйымдастыруға шаралар қабылдаудың нақты ұсыныстары қабылданған.

Мысалы, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына жанар-жағармай материалдарына арналған резервуарларын жаңарту бойынша нұсқаулар берілген.

Сонымен қатар, тез арада шешуді талап ететін басқа да сұрақтар анықталған.

Армияда санитарлық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігіне әскери бөлімдерді жылжымалы далалық кір жуатын және монша көліктерімен қамсыздандыру және қалпына келтіру, монша-кір жуу комбинаттарын жөндеу сұрақтарын шешуді анықтаған.

Әскери-құқық қорғау органадарына әскери мүлікті ұрлау, шығынға ұшырату және заңсыз есептен шығару фактілерін анықтау және олардың себептері мен шарттарын болдырмау әрекеттерін белсендетуге ұсынған.

Ведомстволық бақылау бөлімшелерінің және ішкі тексеру комиссияларының қызметтерін және жауапкершіктерін күшейту қажеттілігі көрсетілген.

 

Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 2059378872
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 2099572882
Бас әскери прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1012134976

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу