Бас әскери прокурор Ақмола гарнизонының әскери объектілеріне барды

24 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Ақмола гарнизонының әскери объектілеріне барды - 1448026888

Бас әскери прокурор Ақмола гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелеріне, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорындарына барды.

Сапар барысында ол әскери мекемелердің қызметімен танысты және әскери қызмет өтумен байланысты сұрақтарын талқылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Бас әскери прокурор магистранттар мен докторанттарды дайындау және біліктілігін арттыру бойынша оқу-материалдық базасымен таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери-тарихи мұражайының коллекциялық қоры және жастардың әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жасалып жатқан жұмыс барысы көрсетілген.

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі өз инфрақұрылымын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін (қару-жарақ пен әскери техникасын) және міндетті әскери қызметкерлердің өмір сүру жағдайларын ұсынды.

Бас әскери прокурор гарнизон әскери басшылығының назарларын Бас Прокурордың әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау және елордалық әскерлердің әскери дайындығы мен жауынгерлік қабілеттілігін қамсыздандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы талаптарына аудартты.

Жалпы, 2018-жылы Ақмола гарнизонында қылмыстылық динамикасының 48%-ға (52-ден 27-ге дейін), оның ішінде әскери қылмыстардың 68%-ға (28-ден 9-ға дейін), азайғаны байқалуда.

Аталған нәтижелерге әскерлердегі құқықбұзушылық профилактикасы бойынша бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру барысында қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Бас әскери прокурор қорғаныс кәсіпорындарымен («Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС) жеке танысып, онда оған өндіріліп жатқан өнімдер ұсынылды және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау сұрақтары талқыланды.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокурор Ақмола гарнизонының әскери объектілеріне барды - 448181004
Бас әскери прокурор Ақмола гарнизонының әскери объектілеріне барды - 471443226

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу