Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды

09 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 287002162

Бас әскери прокурор Алматы, Қапшағай, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарының әскери нысандарына барды.

Сапар барысында ол Қарулы Күштерінің бөлімшелер қызметімен танысып, армия қауымдастығымен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, 18404 және 32363 әскери бөлімдерінде десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі атыс қарулары мен әскери техникалардың жаңа үлгілері көрсетілді.

Талдықорған қаласындағы Әуе қорғаныс күштерінің 21751 әскери бөлім аэродромында әуе техникасын қарап, әскери бөлімдер және мекемелердің басшылығымен кездесті.

Жоғарыда аталған гарнизондарда қылмыстылық жағдайының оң динамикасы байқалады.

Алматы және Қапшағай гарнизондарында қылмыс саны 65% (86-дан 29-ға дейін) және 25% (8-ден 6-ға дейін) төмендеген.

Сарыөзек гарнизонында әкімшілік құқықбұзушылық 15% (217-ден 186-ға дейін) азайған.

Талдықорған гарнизонындағы жарақат алған әскери қызметкерлердің саны 26% қысқарды.

7 тамызда Бас әскери прокурордың төрағалығымен Алматы гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық жиналысы өткізілді. Оның барысында әскерилер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылу мәселелері талқыланды.

Шара соңында қатысушыларға Бас Прокурордың әскери қызметкерлердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау және әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі талаптары жеткізілді.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 465127028
Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 717010732
Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 107556748
Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 1703106572
Бас әскери прокурор Алматы аймағына барды - 1151421611

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу