Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды

29 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 240431997

Бас әскери прокурор Ақтөбе, Орал, Атырау және Ақтау гарнизондарына қызметтік сапармен барды.

Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметі әскери бөлімдер мен мекемелерге бару кезінде әскери қызметкерлердің қызмет ету жағдайларымен танысып, әскери қауыммен бірге түйіткілді мәселелерді талқылады.

2018 жылдың өткен мерзімінде Батыс аймақта (Атырау гарнизоны), Орал мен Ақтөбе гарнизондарында тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың 58%-ға (17-ден 7-ге дейін), 25%-ға (4-тен 3-ге дейін) және 27%-ға (44-тен 32-ге дейін) азайғаны байқалды.

Ақтау гарнизонында әскери қызметкерлермен жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтар 22%-ға (337-ден 276-ға дейін) төмендеді.

Заң бұзушылықтардың төмендеу себебі, әскерилер арасында құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы аясында қабылданып жатқан шаралардың әсері.

Сапар барысында Бас әскери прокурор Оралдағы қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барып, басшылық құраммен кеме жасау дамуының болашағы және армия мүдделері үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын тиісті орындау мәселелерін талқылады.

Атырау қаласында оның төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының ведомствоаралық жиналысы өткізіліп, әскери бөлімдер мен мекемелер әскери басшыларының назарларын Бас Прокурорының әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтауға, әскелердің жауынгерлік дайындығы мен әскери қабілетін тиісті деңгейде қамтасыз етуге аударды.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 812169157
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 772797801
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 1545582982
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 2038155697
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 1384847002
Бас әскери прокурор батыс Қазақстандағы әскери нысандарға барды - 2014634388

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу