Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды

02 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 62937142

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасымен Бас әскери прокурор Петропавл және Қостанай гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелеріне барды.

Сапар барысында ол әскери қызметкерлердің қызмет жағдайларымен танысып, әскери қауымдастықпен кездесті.

Аталған гарнизондарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда оң динамикасы байқалатынын айтуға болады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бағдарламалық құжаттардағы шараларды жүзеге асыруына байланысты 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қостанай гарнизонында қылмыстар тіркелген жоқ.

Петропавл гарнизонында әскери қызметкерлер арасында әкімшілік құқықбұзушылықтар 9%-ға (193-тен 175-ке дейін) және жарақат алулар 19%-ға (36-дан 29-ға дейін) төмендеген.

Бас әскери прокурор әскери басқару мен қылмыстық қудалау органдарының басшыларымен кездесу кезінде олардың назарларын Бас Прокурордың заңдылықты, азматтардың констиутциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау және мемлекеттің әскери даярлығы мен жауынгерлік қабілеттігін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету туралы талаптарына аударды.

 

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 1542905940
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 285063243
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 161221845
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 228715585
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 122470369
Бас әскери прокурор Петропавл мен Костанай гарнизондарына барды - 1174006613

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу