Бас әскери прокурор Шекара қызметінің бөлімдер командирлерімен кездесу өткізді

07 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор Шекара қызметінің бөлімдер командирлерімен кездесу өткізді - 1195263908

Астанада Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов 2017 жылдың қызметтік-жауынгерлік жұмысын қорытындылауға жиналған Шекара қызметінің әскери бөдімдердің командирлерімен кездескен.

Өз сөзінде Ерғали Мерзадинов құқық бұзушылық профилактикасы, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру, әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жүргізіліп жатқан заң бастмашылығы жайлы бірігіп істеген жұмысының нәтижесі туралы хабарлады.

Әскерлерде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамсыздандыру, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау, әскери қызметкерлердің өлуі мен жарақаттануды алдын алу сұрақтарына Бас әскери прокуроры жеке тоқталып кеткен.

Кездесу барысында бөлім командирлері қызықтырып отырған құқықтық сипаттағы сұрақтарына жауаптарын алған.

Шараның аяқталысымен Ерғали Мерзадинов әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқаны үшін Шекара қызметінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадрлық жұмысының Бас басқарма бастығының орынбасары Нұрлан Керімбаевқа, 2030 бен 2544 әскери бөлімдерінің командирлері Санат Жұманов пен Қуаныш Сүттіқожановқа алғыс хаттарын тапсырған.

 

Бас әскери прокуратура

Бас әскери прокурор Шекара қызметінің бөлімдер командирлерімен кездесу өткізді - 216738773
Бас әскери прокурор Шекара қызметінің бөлімдер командирлерімен кездесу өткізді - 974685310
Бас әскери прокурор Шекара қызметінің бөлімдер командирлерімен кездесу өткізді - 1462541979

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу