Бас әскери прокурор Сартаев Дастан Шаймерденұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокурор САРТАЕВ ДАСТАН  ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ

1959 жылдың 27-тамызында Қызылорда облысында туған.

1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1981 жылы стажердан бастап, 1999 жылға дейінгі мерзімдерде Жамбыл облысында аудандық денгейдегі прокурордың көмекшісінен аудандық, қалалық прокурор және облыс прокурорының бірінші орынбасарына дейін түрлі лауазымдарды атқарған.

1999 жылы Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2000-2004 жылдарда Маңғыстау облысы прокурорының лауазымында болған.

2004 жылы Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалған.

2008 жылы Атырау, ал 2009 жылы Павлодар облыстарының прокуроры болған.

2014 жылдан 2018 жылдың 2-шілдесіне дейін Маңғыстау облысының прокуроры болып қызмет атқарған.

2018 жылдың 3-шілдесінде Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды.

Прокуратура органдарында атқарған қызметі барысындағы жетістіктері үшін «Құрмет», II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Жеңістің 65 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, 1, 2, 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» болып табылады.

«3 дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі» сыныптық шеніне ие.

2005 жылдан бастап заң ғылымдарының кандидаты.

Үйленген, екі баласы бар.