Бас әскери прокуратурада 2018 жылғы жұмыс қорытындыланды

23 января 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас әскери прокуратурада 2018 жылғы  жұмыс қорытындыланды  - 475081550

18 қаңтарда Астана қаласында Бас әскери прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтіп, 2018 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды және алдағы уақытқа міндеттер қойылды. Алқа жұмысында Бас әскери прокуратураның алқа мүшелері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, Бас әскери прокуратураның қызметкерлері қатысты.

Әскери прокурорлардың әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мен әскери тәртіпті нығайту бойынша жұмысының қорытындылары атап өтілді.

2018 жылда қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 12%-ға 468-ден 416-ға дейін, оның ішінде әскерилері 13%-ға 203-тен 176-ға және сыбайлас жемқорлық бойынша 34%-ға 94-тен 62-ге дейін төмендеді.

Ауыр қылмыстардың саны 132-ден 98-ге (26%), ал аса ауыр қылмыстар 5-тен 2-ге дейін (60%) төмендеді.

Әскери ведомстволармен қару мен оқ-дәрілердің сақталуы, әскердің ұрысқа әзірлігі, Мемлекеттік шекараны күзету, азаматтарды әскери қызметке шақырту мен әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.

Алқа отырысы барысында прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудағы бар проблемалық сұрақтар талқыланып, жекелеген әскери прокурорлар тыңдалды.

Алқа жұмысын қорытындылай келе, Бас әскери  прокурор мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен әскердің ұрысқа әзірлігін қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпті, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін сақтау бойынша прокурорлық шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қылмыстық процестегі қылмыстық-процестік заңнаманың жаңа институттарын қолдануды ары қарай кеңейту және қылмыстық істерді электронды форматта тергеуге өту қажеттілігіне назар аударды.

Алқа отырысы қорытындылары бойынша әскери прокуратура органдарының алдына Елбасының тапсырмаларынан және Бас прокуратураның алқа шешімдерінен шығатын міндеттер қойылды, сонымен қатар әскердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Бас әскери прокуратурада 2018 жылғы  жұмыс қорытындыланды  - 2065250627

Комментарии

Добавить комментарий